Күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: Мадина Аман қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық балуан Мадина Аман 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күрес бойынша жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қола үшін белдесуде Мадина Венгрия өкілі Анна Шеллді айқын жеңді. Қарсылас ұпай саны бойынша жеңіп тұрғанымен (8: 3), отандасымыз тouche әдісімен таза жеңді.