425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Конференция лигасы: «Қайрат» сырт алаңда «Фоладан» басым түсті   

  • 170
  • UPD: 11:00, 20.08.2021
Конференция лигасы: «Қайрат» сырт алаңда «Фоладан» басым түсті    1 день назад ВсеПроСпорт.ру

«Қайрат» топтық кезеңге бір табан жақындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Конференция лигасының кезекті кезеңі аясында алматылық клуб Люксембургтің «Фоласын» ұтты. Сырт алаңда өткен матч 4:1 есебімен аяқталды. Алғашқы голды алаң иелері соқты. Артынша «Қайрат» сапындағы  Артур Шушеначев пен Рикарду Алвеш мергендігімен көзге түсіп, өз командасын алға шығарды. Ал Вангер Лав дубльдің авторы атанды.

Айта кету керек, «Қайрат» биылғы еурокубокта алғаш рет сырт алаңда жеңіске жетті және алғаш рет сырт алаңда 4 гол соқты. Бұған қоса қазақстандық клуб бірінші рет Люксембург командасынан басым түсіп отыр.

Енді қос клуб 26 тамызда Алматыда жолығады. Жеңіске жеткен тарап Конференция лигасының топтық кезеңіне шығады.

Ал қарағандылық «Шахтердің» жолы болмады. Олар дәл осылай «Астана Аренада» Тель-Авив қаласының «Маккаби» клубын қабылдап, 2:1 есебмен есе жіберді. Олар да 26 тамызда қайта ойнайды.

 

ҚОРЖЫНДА ТАҒЫ ҚОС ҚОЛА  

Қоржында тағы қос қола. Уфа қарасында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні бозкілемге қыздар шықты. 76 келіге дейінгілер арасында ел намысын Дильназ Мүлкинова қорғаған. Ол үшінші орын үшін күресте венгриялық Анна Шеллді айқын басымдықпен ұтты. Жекпе-жек уақытынан бұрын аяқталды. Дәл осындай жетістікке 59 келіге дейінгілер арасында тағы бір қазақстандық Мәдина Аман қол жеткізді. Ол соңғы сында Моңғолия спортшысын жеңді. Ал 57 келіге дейінгілер арасында жерлесіміз Нилуфар Раимова финалға жолдама алды. Ол енді Италия өкілімен белдесіп, әлем чемпионы деген атақты сарапқа салады.

Айта кетейік, осының алдында қазақстандық еркін күрес шеберлері 1 күміс пен 2 қола жеңіп алған болатын.

Хабар 24 телеарнасы