«Испания Вуэльтасы»: «Астана» шабандозы алдыңғы ондықта  

«Испания Вуэльтасы» бәсекесінің кезекті күні қазақстандық клуб үшін сәтті болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Спортшылар 6-кезеңде 158 шақырымды бағындырған болатын. Нәтижесінде даниялық Магнус Корт Нильсен топ жарды. Ал «Астана» сапындағы Александр Власов одан 4 секундқа қалып, мәре сызығын 4-болып кесті. Осының арқасында Власов жалпы есепте 6-сатыға көтерілді. Ал қазақстандық клубтың өзге өкілдері, яғни Алекс Аранбуру – 15-ші, Луис Санчес 37-көрсеткіштерге ие болды. Соның арқасында командалар арасындағы тізімде «Астана» үшінші тұр. Алда әлі 15 кезең бар. «Испания Вуэльтасы» 5 қыркүйекке дейін жалғасады.