425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Челси» клубта үш жыл ойнамаған футболшымен келісімшартты ұзартты

  • 126
  • UPD: 15:02, 20.08.2021
«Челси» клубта үш жыл ойнамаған футболшымен келісімшартты ұзартты chelseanews.ru

«Челси» футбол клубы жартылай қорғаушы Тьемуэ Бакайокомен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды vesti.kz. 

Футболшымен осы жолғы келісім құжаты 2023 жылға дейін есептелген, клуб оны ұзарту опциясын қосты. Бір айта кетерлігі, футболшы алаңға көк жейдемен 2018 жылдан бері шыққан емес. 

2018/2019 маусымда Бакайоко «Милан» сапында өнер көрсетті, енді италиялық команда оны өз қатарына қайта қосқысы келеді. Бұл үшін миландықтар «Челсимен» келісімшарттың егжей-тегжейін талқылауы керек. 

Хабар 24 телеарнасы