Елордада ауыр атлетикадан Олимпиада жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті

Бүгін Нұр-сұлтан қаласында ауыр атлетикадан Токиодағы XXXII Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.

Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло Toyota Camry 75 автокөліктерінің кілтін алды, ал жеке жаттықтырушылар Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбековтен ақшалай сыйақымен марапатталды.

«Біз шын жүректен қуанамыз және Сіздер үшін зор мақтан тұтамыз, қымбатты Игорь, Зульфия! Олимпиада ойындарына қатысу әр спортшы мен жаттықтырушының мақсаты, ал Олимпиада медалі – аңсаған арман, спорттық жетістіктердің шыңы. Сіздердің жеңістеріңіз Қазақстан халқын, баршамызды қуантты, бұл жетістіктеріңіз мыңдаған балаларды мақсатқа жетуге және жеңімпаз болуға шабыттандырды. Біз парақты өзгерттік, жаттығу процесін жаңаша реттей алдық және бұл «таза» жеңістер шын мәнінде алтынның салмағына ие.

Біздің спортшылар, жаттықтырушылар, федерация атынан республика Үкіметіне, Ұлттық Олимпиада комитетіне, өңірлер әкімдіктеріне, демеушілерге ауыр атлетиканы дамытуға көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғысымды білдіремін», - деді Ж. Түсіпбеков өзінің құттықтау сөзінде.