Паралимпиада 2020: ұлттық құрама Токиоға жетті

Жапон астанасы бірер күннен кейін Паралимпиада ойындарын қабылдайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ресми ашылу салтанаты 24 тамызға жоспарланған. Осыған байланысты қазақстандық спортшылар чартерлік рейспен жеткізілді. Олар әуежайда птр-тест тапсырып, тіркеуден өтті. Барлығы дін-аман. Ешқандай мәселе туындаған жоқ дейді отандық делегацияның бас-қасындағылар. 

Айта кетейік, биылғы байрақты бәсекеге жерлестеріміз 25 лицензия жеңіп алды. Әсіресе, жүзуде 7, дзюдода 6 және пауэрлифтингтен 5 жолдамамыз бар. Бұған қоса, қазақстандық спортшылар жеңіл атлетика, таэквондо, ескек есу және оқу ату бағыттары бойынша да сынға түседі.