Елянұр Тұрғанова бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы Елянұр Тұрғанова бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл күндері Дубайда (БАӘ) бокстан жастар мен жасөспірімдер арасында Азия біріншілігі өтіп жатыр.  Қыздар арасында 46 келіде Елянұр Тұрғанова сынға түсті. Оның алғашқы қарсыласы Тәжікстан өкілі Йокубованы төрешілердің бірауыз шешімімен жеңді. 

Айта кетерлігі, аталған құрлықтық біріншілікке 2005-2006 жылғы жас боксшылар қатысып жатыр. 

Сондай-ақ...