Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің іріктеуінде финалға шықты

Зарина Дияс Чикагода (АҚШ) өтіп жатқан WTA 250 Chicago Women Open турнирінің іріктеуінде финалға өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу жеребесінің жартылай финалында қазақстандық теннисші Ұлыбритания өкілі Эден Силваны сенімді жеңді. Есеп – 6:0, 6:1.

45 минутқа созылған кездесуде Зарина 2 эйс жасады.

Турнирдің негізгі кезеңіне шығу үшін Зарина Дияс оңтүстіккореялық Хань На Лэмен кездеседі.