Спорттық құзға өрмелеуден Қытайдағы кубоктік кезең өткізілмейтін болды

Халықаралық спорттық құзға өрмелеу федерациясы (IFSC) қазан айында Қытайға жоспарланған екі кубоктік кезеңнің өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Оlympic.kz.

Сямын қаласындағы кубоктік дода 15-17 қазанда, болулдеринг пен жылдамдықтан Вуцзян қаласындағы бәсеке 22-24 қазанда өтуі тиіс болатын. 

Алайда, коронавирусты инфекцияның таралуына жол бермеу үшін Қытай тарапы аталған турнирді ұйымдастырудан бас тартты. 

Биылғы маусымдағы әлем кубогінің соңғы кезеңі 1-3 қазан күндері Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтеді.