Қайрат Ералиев кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

22 тамызда Қарағандыда кәсіпқой бокстың кеші өтті. Ересектер арасында 2017 жылғы әлем чемпионы Қайрат Ералиев про-рингтегі дебютті жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты шайқасында Қайрат өзбекстандық Бахит Абдурахимовпен (10-14, 4 КО) кездесті. Жеңіл салмақтағы төрт раундтық жекпе-жекте жерлесіміз төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Еске салайық, Қарағандыда өткен бокс кешінде әуесқойлар арасындағы қазақстандық әлем чемпионы Сабыржан Аққалықов та алғашқы кездесуін өткізді. Төрт раундқа жоспарланған жекпе-жекте ол Өзбекстан өкілі Турсынбой Абдуллакимовты (13-8) техникалық нокаутпен жеңді.