Қазақстандық волейболшылар Орталық Азия чемпионатында жеңіске жетті

Өзбекстанның Ферғана қаласында волейболдан Орталық Азия елдері арасындағы халықаралық турнир аяқталды.

Аталған сынға Қазақстан командасы да қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Турнирге жалпы есебі төрт команда қатысты. Алтын жүлдені қазақстандықтар иеленсе, күмісті Қырғызстан еншіледі.

Қола медальді Өзбекстан командасы иеленген. Тәжікстандықтар төртінші орында қалды.