425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ШҚО-да жалған вакцина паспортын жасап сатқандар ұсталды

  • 154
  • UPD: 22:38, 23.08.2021
ШҚО-да жалған вакцина паспортын жасап сатқандар ұсталды

Шығыс Қазақстанда жалған вакцина паспортын жасап сатқан 5 адам ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың құрамында дәрігерлер де бар. Өскемен қаласының тұрғындары ресми тіркелген вакцина паспортының әр данасына 20 мың теңге алып отырған. Қазір полицейлер бұл әрекеттің қай уақыттан басталғанын және қанша адам вакцина паспортын жалған жолмен алғанын анықтап жатыр.

Қайрат Әбдіғалиев, ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының басшысы:

- ҚР ҚК 385-бабы бойынша жүзеге асырылатын сотқа дейінгі тергеу шеңберінде медицина қызметкерлері мен оларға көмек көрсететін адамдардың іс-әрекеттеріне тиісті процестік баға берілетін болады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда, осындай жалған және заңсыз жолмен вакцинация паспортын алған азаматтар анықталып, олардан жауап алынады.

Хабар 24 телеарнасы