Жаңа Зеландия Паралимпиаданың ашылу салтанатына қатыспайды

Жаңа Зеландия құрамасы Токиодағы Паралимпиаданың ашылуына қатыспайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ашылу салтанатына қатыспаудың басты себебі – команданың коронавирус ифекциясын жұқтырып алмауы болып табылады.

– Біздің құрама ашылу салтанатына қатыспайды. Негізгі мақсат аты жаман ауруды Паралимпиада барысында жұқтырып алмау, - делінген Паралимпиада комитетінің Facebook парақшасында.

Күншығыс еліндегі жарыста Жаңа Зеландия құрамасынның намысын 29 спортшы қорғайды. Жазғы ойындардың ашылу салтанаты бүгін елорда уақытымен 17:00 басталады.