Astana Open ATP 250 турниріне кімдер қатысады

Astana Open ATP 250 халықаралық турниріне қатысушылардың алдын ала тізімі жарияланды, деп жазады Prosports.kz.

Турнирде отандасымыз Александр Бублик бақ сынайды. Сонымен қатар Кристиан Гарин (Чили, әлемнің 19-ракеткасы), Аслан Карацев (Ресей, әлемнің 24-ракеткасы), Филип Крайнович (Сербия, әлемнің 38-ракеткасы), Душан Лайович (Сербия, әлемнің 40-ракеткасы), былтырғы Astana Open чемпионы - Джон Милман (Аустралия, әлемнің 43-ракеткасы), Бенуа Пер (Франция, әлемнің 49-ракеткасы), Лоренцо Мусетти (Италия, әлемнің 58-ракеткасы), Маккензи МакДональд (АҚШ, әлемнің 60-ракеткасы) және т.б. теннисшілер қатысады.

Жарыстың негізгі кезеңіне Бубликтен басқа ерлер құрамасының барлық мүшесі қатысады: Михаил Кукушкин, Андрей Голубев пен Александр Недовесов. Дмитрий Попко, Тимофей Скатов, Денис Евсеев, Бейбіт Жұқаев, Достанбек Ташбулатов, Григорий Ломакин сынды жас теннишілер ел біріншілігіне қатысып, Astana Open ATP 250 жарысының негізгі кезеңі мен квалификациясында ойнауға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, турнир 2021 жылы 19-26 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтанда өтеді.