Токиода Паралимпиадаға қарсы шеру басталды

Наразылық акциясының соңы тіпті полицейлермен қақтығысқа ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұрт індет уақытында жарыс өткізбеуді талап етуде. Өйткені Жапонияда коронавирус төңірегіндегі ахуал өте күрделі. Соңғы уақытта науқастар саны күрт көбейіп кеткен. Осыған байланысты Токио мен 5 префектурада төтенше жағдай режимі ұзартылды. Енді ол 12 қыркүйекке дейін созылады.