Қазақстандық теннисшілер US Open турниріне қатысады

Қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко жылдың ең соңғы ірі бәсекесі – Американың ашық біріншілігінде сынға түседі. 

Отандық теннисшілер турнирдің негізгі бөлігіне жолдама алу үшін алдымен іріктеуде бақ сынайды. 

Михаил Кукушкин франциялық Матиас Буркпен кездеседі. 

Ал Дмитрий Попко словениялық Блаж Роламен өзара мықтыны анықтайды.