US Open: Кукушкин турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АҚШ ашық чемпионаты іріктеуінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы АТР рейтингінде 193-орында тұрған француз Матиас Бурк болды.

Кездесуде 4:6, 6:3, 7:6 есебімен Кукушкиннің пайдасына аяқталды.

Ал бұған дейін тағы бір жерлесіміз Дмитрий Попко алғашқы айналымда сүрінген болатын. Ол Словакия өкілі Блаж Ролға қарсы матч 6:2, 7:5 есебімен аяқталды.