Паралимпиадаға барған 2 спортшыдан коронавирус анықталды

Жапонияда паралимпиада ойындарының тағы екі қатысушысынан коронавирус анықталды. Бұл туралы ұйымдастыру комитетінің ресми сайты хабарлады.

Осылайша паралимпиада ауылында соңғы тәулікте вирус жұқтырғандардың саны 15-ке жетті. Олардың арасында спортшылар мен ұйымдастырушылар да бар.

Айта кетейік, Токиода басталған Паралимпиада ойындары қыркүйек айының 5-іне дейін жалғасады. Спорттық додаға әлемнің 60-тан астам елінен 4 жарым мың адам қатысады.