«Қайрат» Конференция лигасының топтық кезеңіне шықты

Алматының «Қайраты» өз алаңында Люксембургтің «Фола» командасын есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Люксембургте өткен алғашқы матчта «Қайрат» 4:1 есебімен басым түскен. Бұл жолы Артур Шушеначев дубль авторы атанса, Вагнер Лав бір мәрте көзге түсті. 

Осылайша, «Қайрат» қос матчтың қорытындысы бойынша Конференция лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. 

Конференция лигасы – 2021/22. Плей-офф. Қарымта матч

«Қайрат» – «Фола» 3:1 (3:1)

Голдар: Шушеначев 12, 36, Вагнер 28.

26 тамыз. Алматы. «Орталық стадион».