Әнуар Сариев Паралимпиада ойындарының финалына шықты

Қазақстандық дзюдошы Әнуар Сариев 2020 жылы Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

60 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз жартылай финалда колумбиялық Маркос Деннис Бланконы жеңді.  

Ақтық сында Әнуар Сариев әзірбайжандық Вугар Ширинлимен кездеседі.

Бұған дейін пауэрлифтингтен Давид Дегтяров қоржынымызға Паралимпиаданың алғашқы алтынын салғанын хабарлағанбыз.