Әнуар Сариев Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық парадзюдошы Әнуар Сариев Қазақстан қоржынына Токиодағы Паралимпиада ойындарының екінші жүлдесін салды, деп хабарлайды Olympic.kz.

60 келіге дейінгі салмақ дәржесінде белдескен ол финалда әзербайжандық Вугар Ширинлиге есе жіберді. Екеуара белдесу өте тартысты өтіп, вазари ұпайларын еншіледі. Негізі уақыт аяқталуға 40 секунд қалғанда әзербайжандық балуан әдіс жасап, екінші вазари ұпайын еншіледі.

Нәтижесінде парадзюдошы Әнуар Сариев Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Бұдан бөлек құрама қоржынында Давид Дегтяров иеленген алтын медаль бар.

Бұған дейін жерлесіміздің финалға шыққанын хабарлағанбыз