Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтедке» оралды

Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтедке» оралады. Бұл туралы ағылшын клубы ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Хабар 24.

Роналду Англияға виза алып, медициналық тексерістен өткен соң келісімшартқа отырады деп күтілуде. Британия БАҚ мәліметінше, «Манчестер Юнайтед» 36 жастағы футболшы үшін «Ювентуске» € 25 миллион ұсынған. Роналду ағылшын командасымен екі жылға келісімшартқа қол қояды. 

Бұған дейін Роналдуға «Манчестер Сити» мен «Пари Сен-Жермен» қызығушылық танытқан еді. Алайда қос команданың ұсынысы нақты болмаған соң «Манчестер Юнайтед» футболшыны қатарына шақырды. Роналду ағылшын командасының сапында 2003-2009 жылдар аралығында өнер көрсеткен. 

Еске салайық, Роналду 2018 жылдан бері туриндік «Ювентус» сапында өнер көрсетеді. 36 жастағы португалдық форвард 29 гол соғып өткен маусымда Италия чемпионатының бомбардирі атанды. Роналдудың итальяндық клубпен қазіргі келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымына дейін.