Паралимпиада 2020: Дәулет Теміржан финалға шықты

Қазақстандық дзюдошы Дәулет Теміржан 2020 жылы Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

73 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз жартылай финалда грузиялық Гиорги Калданиді 11:1 есебімен жеңді.

Ақтық сын елорда уақытымен 13:00-де өтеді.