Спорттық жарыстарға көрермендер кіргізіледі

Елордада карантин талаптары жеңілдетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, қаладағы жарыстарға жанкүйерлердің баруына рұқсат. Бірақ олардың көлемі жалпы орындар санының 20 процентінен аспауы қажет. Бұған қоса, жаңа қаулығы сәйкес, топтық жаттығулар мен бұқаралық марафон ұйымдастыруға да болады. Ең бастысы, қатысушылар саны 30-дан аспауы керек және барлығында да вакцина паспорты болуы тиіс. Ал екпе алмағандарға, керісінше, оңай болмайын деп тұр. Өйткені бүгіннен бастап олар қызмет көрсету саласындағы жұмысқа жіберілмейді. Вакцина паспорты талап етіледі. Тек медициналық анықтамасы бар, не жақында короновируспен ауығандарға ғана бұл талаптың қатысы жоқ. Бұған қоса, құжатқа сәйкес, Ashyq-қа қатысатын барлық нысанға демалыс күндері түн ортасына дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген. Ол үшін жұмысшылары мен келушілері «жасыл» мәртебеге ие болу керек. Қоғамдық көліктер қалыпты режимде жұмыс істейтін болады, тек жексенбіде жүрмейді. Ал сауда орталықтары келушілерді тек жұмыс күндері таңғы оннан кешкі 22:00-ге дейін қабылдай алады.

Сондай-ақ...