Токиодағы Паралимпиадада тағы 22 адамнан коронавирус анықталды

Токиодағы жазғы Паралимпиадалық ойындарға қатысы бар 22 адам коронавирусқа тесттен оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Паралимпиадалық ауылда инфекцияның жаңа жағдайлары анықталған жоқ. Вирус жұқтырғандардың арасында үш ерікті, 14 мердігер және ойындарға қатысы бар бес адам бар.

Токиодағы Паралимпиада ойындары 5 қыркүйекте аяқталады.