Дәулет Теміржан Паралимпиадада ел қоржынына күміс медаль салды

Токиодағы Паралимпиада ойындарында бақ сынаған парадзюдошы Дәулет Теміржан күміс медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz

73 келіге дейін салмақта өнер көрсететін жерлесіміз Дәулет Теміржан Токио Олимпиадасының күміс жүлдесін місе тұтты. Финалдық кездесуде ол Өзбекстан спортшысы Феруз Саидовтан таза жеңіліп қалды. Бұл салмақта қола украиналық дзюдошы Руфат Могомедов пен литвалық спортшы Освальдас Барейкиске бұйырды.

Дәулет жартылай финалда грузиялық Гиорги Калданиді 11:1 есебімен жеңіп6 ақтық сайысқа жолдама алған болатын.

Бұл – Қазақстанның Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарындағы үшінші медалі. Бұған дейін пауэрлифтингтен 54 келіге дейін салмақта Давид Дегтияров алтын алса, парадзюдошы Әнуар Сариев Қазақстан қоржынына күміс медаль салған болатын.

Елімізден Токиодағы Паралимпиада ойындарына 25 спортшы аттанғанын айта кетейік.