425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Пара пауэрлифтер Раушан Қойшыбаева төртінші орынды иеленді

  • 122
  • UPD: 20:59, 28.08.2021
Пара пауэрлифтер Раушан Қойшыбаева төртінші орынды иеленді

Бүгін пара пауэрлифтингтен 67 келіге дейінгі салмақта әйелдер арасындағы бәсекеде Раушан Қойшыбаева бақ сынап, төртінші орын алды. 

Сегіз атлет өнер көрсеткен сында отандасымыз әуелі 106 килоны сәтті еңсерген. Алайда екінші мүмкіндігінде 112 кило зілтемірді ырқына көндіре алған жоқ. Соңғы мүмкіндігінде дәл сол салмақты көтергенімен бұл нәтиже жүлдегерлер қатарына қосылуға жетпеді. 

Бұл салмақта қытайлық Тань Юйцзяо екінші Паралимпиадада топ жарды. Күміс египеттік Фатма Омарға, қола нигериялық Олайтан Ибраимға бұйырды. 

Айта кетейік, 2016 жылғы Паралимпиадада отандасымыз Раушан Қойшыбаева бұл салмақта күміс медаль жеңіп алған. Сонымен қатар Раушан 2018 жылы Джакартада өткен Параазия ойындарында екінші орынға ие болған.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

Хабар 24 телеарнасы