Ернар Шымбаев бильярдтан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық Ернар Шымбаев «Еркін пирамида» бойынша әлем чемпионатының алтынын жеңіп алды.

Бильярд турнирі бүгін Ханты-Мансийскіде өтті. Финалда алматылық спортшы Ресейден келген 3 дүркін әлем чемпионы Никита Ливадты 7:4 есебімен жеңді. Ернар халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол 2010 жылы әлем чемпионы атанған. Кейінгі жылдары Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы болды.

Еске сала кетейік, бұл чемпионатқа әлемнің 19 елінен 58 ер және 16 әйел адам қатысты.