Жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық 17 боксшы финалға шықты

Қазақстан боксшылары жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионатында өнер жалғастырып жатыр, деп жазады Prosports.kz.

2004-2005 жылдары туған боксшылар арасындағы жарыста финалға шыққандар анықталды. Қазақстаннан барған 13 боксшының 10-ы шешуші сынға жолдама алды. 

Финалға шыққандар: 

 48 кг дейін: Санжар Тәшкенбай – Суреш Вишванат (Үндістан) 

 54 кг дейін: Нұрсұлтан Алтынбек – Алиш Афшари (Иран) 

 57 кг дейін: Әбдіғали Әбдікәрім – Мохаммед Анвар (Ирак) 

 60 кг дейін: Ерасыл Ермек – Ливаса Омар (Қырғызстан) 

 63,5 кг дейін: Ернұр Сүйінбай – Вансаж (Үндістан) 

 67 кг дейін: Абзал Серік – Самандар Солижонов (Өзбекстан) 

 75 кг дейін: Бақберген Әлиасқаров – Фардин Халифенлу (Иран) 

 86 кг дейін: Темірлан Мұқатаев – Диорбек Уралов (Өзбекстан) 

 92 кг дейін: Мәди Әміров – Нусратбек Тохиров (Өзбекстан) 

+ 92 кг: Даниял Сапарбаев – Жахонгир Жакипов (Өзбекстан)

 

Қола жүлде иегерлері: 

71 кг дейін: Арман Арманұлы 

 80 кг дейін: Дәурен Мамыр

 

Қазақстанның бойжеткендері де жоғары нәтижесімен көзге түсті. 

Финалға шыққандар: 

 54 кг дейін: Айшагүл Елеубаева – Неха (Үндістан) 

 60 кг дейін: Жұлдыз Шаяхметова – Дахия Претти (Үндістан) 

 63 кг дейін: Милана Аюпова – Хиши (Үндістан) 

 70 кг дейін: Гаухар Шайбекова – Азиза Зокирова (Өзбекстан) 

 75 кг дейін: Дана Дидай – Хиши (Үндістан) 

 81 кг дейін: Аида Сарибарова – Депика (Үндістан) 

+ 81 кг: Диана Магауяева – Мариам Алмесмари (БАӘ)

 

Қола жүлде иегерлері: 

 48 кг дейін: Гүлназ Брибаева 

 50 кг дейін: Гүлнар Турапбай 

 52 кг дейін: Хава Болкоева 

 57 кг дейін: Шахназ Исаева 

 66 кг дейін: Анар Тұрынбек 

Осылайша Азия чемпионатында Қазақстанның 17 бірдей боксшысы алтын жүлде үшін таласады. Финалдық кездесулер 30 тамызға жоспарланған.