Роналду – АПЛ-дегі табысы ең жоғары футболшы

«Манчестер Юнайтедке» оралған Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду АПЛ-дегі табысы ең жоғары футболшы атанды, деп хабарлайды Daily Mail.

Мәлімет бойынша, 36 жастағы форвардтың апталық табысы – 560 мың еуро.

Табысы ең жоғары футболшылар тізімінде екінші – «Челси» шабуылшысы Ромелу Лукаку, ол аптасына 525 мың еуро алады. Ал үшінші сатыда «Манчестер Сити» ойыншысы Кевин де Брюйне (450 мың) тұр.

Роналду «Ювентустен» англиялық клубқа өтерде еңбекақысын азайтуға келіскен болатын.