«Қайрат» УЕФА рейтингінде жоғарылады

«Қайрат» футзал клубы УЕФА рейтингіндегі позициясын жақсартты , деп хабарлайды Prosports.kz.

Өткен жылы алматылық ұжым төртінші орынға түсіп қалған еді. Команда соңғы Чемпиондар лигасында жартылай финалға жетті. Соның арқасында Еуропаның үздік клубтар кестесінде екінші орынға көтерілді. Көш басында «Барселона» жайғасты.

2020 жылы алғашқы ондықтан орын алған «Ақкөбе» төмен сырғыды. Алайда, Қазақстан чемпионатында екінші орын алып, «Қайратпен» бірге Чемпиондар лигасында бақ сынайтын «Атырау» ақтөбелік ұжымның орнын басты. 

Рейтингтегі жоғары көрсеткішінің арқасында «Қайрат» Чемпиондар лигасында жолын негізгі кезеңнен бастайды. Жеребе 30 тамызда, ал матчтар 26-31 қазан аралығында өтеді.