Жүзуші Ержан Сәлімгереев Паралимпиаданың финалына шықты

Токиода Паралимпиада аясында өтіп жатқан суда жүзу сайысында қазақстандық спортшы Ержан Сәлімгереев финалға шықты.

Сәлімгереев 50 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен (S6) жүзіп өтуде озып кетті.