Месси ПСЖ құрамындағы алғашқы ойынын өткізді

«Пари Сен-Жермен» шабуылшысы болған Лионель Месси осы клубтың құрамындағы алғашқы ойынын өткізді.

Әйгілі футболшының жаңа клубтағы матчы «Реймс» командасына қарсы өтті. Алаңға 66-минутта шыққан Месси қарсы құрамаға гол соқпағанымен әріптестеріне әдемі пастар беріп, жанкүйерлерді тағы тәнтті етті. Ал «Пари Сен-Жермен» бұл ойында «Реймс» клубын 2:0 есебімен жеңді. Қос допты да париждіктердің шабуылшысы Килиан Мбаппе соқты.