Паралимпиада финалында жүзуші Ержан Сәлімгереев алтыншы орынды иеленді

Токиодағы Паралимпиада ойындарында 50 метр қашықтықта баттерфляй (S6) әдісімен жүзу спортының өкілдері финалға қатысты. 

Бұл дистанцияда сынға түскен отандасымыз Ержан Сәлімгереев 32.53 нәтижесін көрсетіп, финалда алтыншы болып келді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сайыстың бірінші, екінші орыны Қытайға, ал үшінші орын Колумбия спортшысына бұйырды.