Қазақстандық таеквондошылар халықаралық турнирден үш медаль жеңіп алды

Қазақстандық таеквондошылар Эстонияда халықаралық турнирден үш медаль жеңіп алды.

Эстонияның Таллин қаласында таеквондодан «Tallinn Open» халықаралық турнирі өтті. 28-29 тамыз күндері өткен G-1 санатындағы додаға 250-дан астам спортшы қатысты. Аталған бәсекеде 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрлан Мырзабаев күміс медальға ие болды. Ал 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Смайыл Дүйсебай қола жүлдегер атанса, 68 келіде сынға түскен Ерасыл Арапбай екінші қоланы ел қоржынына салды.