Паралимпиада жүлдегерлері елге оралды

Алматы халықаралық әуежайына келген рейсті спортшылардың жанкүйерлері мен жақындары  күтіп алды.

Токиодағы Паралимпиада ойындарына қатысқан пара дзюдошыларымыз үш күміс медаль ұтып алған еді. Олардың қатарында Әнуар Сариев, Зарина Байбатина мен Дәулет Теміржан бар. Жүлдегерлерді жеңісімен құттықтаған демеушілер әрқайсысына миллион теңгелік сертификат табыс етті. Ал мемлекет тарапынан берілетін басты сыйақы 150 мың доллар болады. Жалпы пара дзюдодан Токиоға 6 спортшымыз барған болатын.

Әнуар Сариев, Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері:

- Мақсатым алтын алу болды, өзім кішкене мүмкіндіктен айырылып қалдым да. Келесі жолы алтын алуға, қателерімді қайталамауға тырысамын. Алла қаласа, Парижде өтетін Олимпиадада өзіміздің қазағымыздың туын көтергім келеді.