Футболдан Қазақстан құрамасының Данияға қарсы ойнайтын құрамына өзгеріс енгізілді

Қазақстан жастар құрамасының Данияға қарсы ойнайтын құрама тізіміне өзгеріс енгізілді, деп ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Olympic.kz хабарлады.

Жартылай қорғаушы Максим Самородов пен шабуылшы Мирас Тұрлыбектің жарақат алуына байланысты Қазақстан жастар құрамасы сапында өзгерістер болды. 

Олардың орнына «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет пен «Шахтер» командасының шабуылшысы Иван Свиридов шақыртылды. 

Айта кетерлігі, Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу жарысын 7 қыркүйек күні өз алаңында Данияға қарсы матчтан бастайды.