Қазақстан–Украина құрамалары «Астана Аренада» кездеседі

Келер жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында бүгін Қазақстан құрамасы өз алаңында Украина құрамасын қабылдайды.

Матч Астана Арена Стадитонында кешкі сағат сегізде басталады. Карантин талаптарына байланысты алаң смтадион сыйымдылығының 30 пайызына ғана, яғни 9 мыңдай көрермен кіргізіледі. Кеше қос құраманың өкілдері баспасөз конференциясын өткізіп, бұқаралық ақпарат құралдарын жаттығу барысымен таныстырды. Бұған дейін Киевте Қазақстан құрамасы Укранина құрамасымен 1:1 нәтижесімен тең түскен. Сол ойында гол соққан Серікжан Мұжықов жарақатына байланысты бұл ойынға қатыса аламайды. Сондай-ақ Украина құрамасында да өзгеріс бар. Команданың Бас бапкері атақты шабуылшы Андрей Шевшенконың орнына Александр Петроков тағайындалды. Ол құрамаға қандай өзгеріс әкелгенін алаңдағы ойын көрсетеді. Ал біздің жігіттер өз жерімізде жеңіске жетуге ниетті.

Мұхамеджан Сейсен Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы:

– Техникалық, физикалық бүкіл тренировкадан өттік. Алдағы келе жатқан үш ойынға өте жақсы дайынбыз. Ертеңгі болатын ойынға бәріміз бірігіп, ойнайтын 11 адам ғана емес, қосалқы құрамдағы 15 адам және де экран артындағы болелшиктер бір жұдырық болып ойнасақ ұтамыз алла қаласа.