Балаларға арналған спорт үйірмелерінің қолжетімді болуы маңызды

Олимпиадан кейін отандық спорттағы жағдайды бөлек қарастыру қажет. Мемлекет басшысы өз Жолдауында дене шынықтыру мен спорттың маңыздылығын да атап өтті.

«Бұқаралық спортқа, балалар спортына барлық жағдайды жасау қажет. Облыс әкімдері спорт инфрақұрылымының кезең-кезеңімен құрылуын қамтамасыз етуі керек» деді президент. Елорда тұрғындары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын жылы қабылдады. Олардың айтуынша, елімізде балалар мен жасөспірімдерге арналған қолжетімді спорт секциялары керек. 

БЛИЦ:

- Онысы дұрыс екен. Отандық спортты баяғыда көтеру керек еді. Спорттың қай түрін болса да, қазаққа тән түрлердін барлығын дамыту керек ғой. Біз оған қарсы емеспіз, жүйелі түрде жұмыс жүргізу керек. Жасөспірімдерді жас кезінен тәрбиелеу керек.

- Өзіміз ауылда тұрғандықтан спорт дамитын жағдай жоқ. Қалада болатын шығар. Біздің ауылда спорттық кешендер жоқ.

- Керек. Керек... Балалар үшін керек. Барлығы керек болашаққа. Олар қалай өседі, еліміз сондай болады. Қалай заниматься етеді, солай болады.

- Негізі дамыту керек ия, көңіл бөлу керек. Қаражат жағынан, физикалық жағынан, материалдық жағынан көмек көрсетілсе кішкене. Қазақстан спорты дамиды деп ойлаймыз.