«Барселонада» Мессидің 10-нөмірін кім алатыны белгілі болды

«Барселона» сапынан Лионель Месси кеткеннен кейін командада 10-нөмірмен кім ойнайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа маусымнан бастап каталониялық клубтың 10-нөмірлі жейдесімен Ансу Фати өнер көрсетеді. Фати – «Барселона» академиясының түлегі.

Футболшы жарақат алып, былтырғы қарашадан бері ойнаған жоқ.

Ла Лига ережесі бойынша 1-ден 25-ке дейінгі барлық нөмірде футболшылар ойнауы қажет.