Роналду тағы бір рекорд орнатты

Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду тағы бір әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Форвард 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Ирландия қақпасына екі гол соғып, командасына жеңіс сыйлады. Ол бұл матчта ұлттық құрама сапындағы 110-голын салып, есепті теңестірген. Осылайша Криштиану ирандық форвард Али Даеиден озып кетті, бұл футболшы өз құрамасы сапында 109 гол салған. 

Кейін Роналду Ирландия қақпасына тағы бір гол соғып, өз рекордын жаңартты. Бұл ойын 2:1 есебімен португалиялықтардың жеңісімен аяқталды. 

Криштиану Роналдудың еншісінде қазір бірқатар әлемдік рекорд бар. Ол биыл Еуропа чемпионаттары тарихындағы үздік сұрмерген атанған – 14 гол. Сонымен қатар ол – Чемпиондар лигасының (129 гол) үздік сұрмергені. Карьерасында оннан аса маңызды рекорд орнатқан.