Паралимпиада чемпионы туған жеріне жетті

Давид Дегтярёв туған жеріне жетті. Паралимпиада ойындарының жеңімпазын Көкшетау қаласында достары, туыстары және жанкүйерлер күтіп алды.

Чемпионға лайық құрмет көрсетті. 25 жастағы спортшыға облыс орталығынан үш бөлмелі пәтер мен су жаңа көліктің кілтін табыстады. Ал Давид болса, жеткен жетістііне тоқмейілсімейді. Атбасар қаласында жаттығу жұмыстарын жалғастырып, алдағы байрақты бәсекелерге дайындаламын дейді.

Айта кетейік, жерлесіміз пара пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды.

Давид Дегтярёв, Паралимпиада чемпионы:

- Өз үйіме оралғаныма қуаныштымын. Жақын адамдардың қолдауына не жетсін?! Өте ризамын. Бапкеріме және айналамдағы басқа да адамдарға алғысым шексіз.