Роналду әлем чемпионатының келесі іріктеу матчына қатыспайды

Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду Әзірбайжанға қарсы матчқа қатыспайды. 

Ирландиямен өткен ойынның 96-минутында жеңісті гол соғып, жейдесін шешіп, сары қағаз алды. Іріктеу кезеңінде екінші мәрте сары қағаз алып, келесі ойынға қатысу құқынан айырылды. 

Роналду ұлттық құрама сапында бүгінгі дейін 111 гол соқты.