Қазақстандық спортшылар қыркүйекте қандай жарыстарға қатысады?

Күздің қыркүйек айы біздің спортшылар үшін бәсекеге толы болмақ.

Қазақстандық спортшылар осы айда маңызды халықаралық және әлемдік, Азия және әлем чемпионаттарына қатысуды жалғастырады.

Olympic.kz қыркүйек айында өтетін жарыстар тізімін ұсынады.

4-5 қыркүйек. Шаңғымен тұғырдан секіруден ерлер арасындағы жазғы Гран-при сериясы. Щучинск, Қазақстан.

10-20 қыркүйек. Нысана көздеуден Азия чемпионаты. Шымкент, Қазақстан.

12-19 қыркүйек. Волейболдан ерлер арасында Азия чемпионаты. Тиба, Жапония.

12 қыркүйек-3 қазан. Футзалдан әлем чемпионаты. Каунас, Литва.

15-19 қыркүйек. Үстел теннисінен «2021 ITTF Kazakhstan International Open» халықаралық турнирі. Қарағанды, Қазақстан.

15-25 қыркүйек. Гандболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты. Иордания.

15-21 қыркүйек. Спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионаты. Мәскеу, Ресей.

19-26 қыркүйек. Садақ атудан әлем чемпионаты. АҚШ

24-29 қыркүйек. Таеквондодан халықаралық Russia Open G1 турнирі. Мәскеу, Ресей

30 тамыз-12 қыркүйек. Теннистен US Open жарысы.