423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Паралимпиада 2020: Нұрлан Домбаев жартылай финалға шықты

  • 187
  • UPD: 14:01, 03.09.2021
Паралимпиада 2020: Нұрлан Домбаев жартылай финалға шықты

Токио төрінде Паралимпиада ойындары жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Паратаэквондодон 75 келіге дейінгілер арасында ел намысын Нұрлан Домбаев қорғап жатыр. Ол іріктеу сынында аргентиналық спортшымен белдесіп, негізгі уақыт тең нәтижемен аяқталды. Жеңімпазды қосымша уақытта анықтауға тура келді. Бұл сында жерлесіміздің жолы болды. Ал әйелдер арасында қазақстандық Кәмила Досмалова алғашқы кездесуінде есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды. Бұған қоса, бүгін тағы бір жерлесіміз параканоэдан бағын сынады. Бибарыс Спатай жарыс қорытындысы бойынша 4-сатыға тұрақтады. Айта кетейік, ол Қазақстан атынан алғаш рет дәл осы спорттан Паралимпиада ойындарына қатысты.

Хабар 24 телеарнасы