«Барыс» хоккейшілері «Салават Юлаевтан» жеңіліп қалды

«Барыс» бүгін, 3 қыркүйекте Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынында елордада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасымен кездесті. 

Кездесуде «Барыс» қарсыласына 1:5 есебімен есе жіберді. Енді «Барыс» 5 қыркүйекте елордада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасын қабылдайды.