Садақ атудан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысады

Садақ атудан Қазақстан құрамасынан әлем чемпионатына қатысатын спортшылар есімі белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қыркүйек айының 19-25 күндері АҚШ-та садақ атудан әлем біріншілігі өтеді. Солтүстік Дакотада өтетін әлем чемпионатына Қазақстан сапынан үш спортшы қатысады.

Атап айтсақ, Ильфат Абдуллин, Сұлтан Дүзелбаев және Санжар Мұсаев ел намысын қорғайтын болады.