Ең үздік сұрмерген «Тұранның» спорт директоры лауазымына тағайындалды

Қазақстан чемпионаты тарихындағы ең үздік сұрмергендердің бірі Мұрат Тілешев «Тұран» футбол клубының спорт директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Хабар 24 Prosports.kz сайтына сілтеме жасай отырып. Бұл туралы түркістандық клубтың баспасөз қызметі жариялады.

Тілешев - Жамбыл футболының тәрбиеленушісі. Ол өз мансабында Қазақстанның 9 клубында ойнады, үш рет (2005, 2008, 2009) жоғарғы дивизионның бомбардирі болды және чемпионат тарихындағы үздік «мергендердің» бірі (148 гол).

Ол Қазақстанның үш дүркін чемпионы (2003, 2006, 2009), сонымен қатар Кубок (2000/2001) және Суперкубок (2010) иегері.

Мансабының соңында «Шахтер» мен «Ақтөбеде» спорттық директор болып жұмыс істеді.