425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Паралимпиада 2020: Қытай командалық сында топ жарды

  • 159
  • UPD: 19:35, 04.09.2021
Паралимпиада 2020: Қытай командалық сында топ жарды

Токио Паралимпиадасында Қытай спортшылары командалық есепте топ жарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл елдің паралимпиадашылары 87 рет чемпион атанды. Екінші орында келе жатқан Британия Қытайдан 47 алтынға қалып келеді. Осылайша британдық спортшылардың қытайлықтарды қуып жетуге еш мүмкіндігі қалмады. Ал 1 алтын, 3 күміс және 1 қола еншілеген Қазақстан командасы 50-орынға жайғасты.

Еске салайық, Қытай паралимпиадашылары 2004 жылдан бері командалық есепте топ жарып келеді.

Хабар 24 телеарнасы