Қазақстандық велошабандоз Артем Захаров Гран-при жарысында топ жарды

Қазақстандық велошабандоз Артем Захаров Гран-при жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Омбыда (Ресей) тректегі велоспорттан Гран-при веложарысы өтіп жатыр. Ерлер арасында қазақстандық Артем Захаров топ жарды. Ресей құрамасының өкілдері Аркадий Еремкин мен Виктор Подойников өзара ІІ және ІІІ орындарды бөлісті. 

Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасынан сынға түскен Әләшер Жұмақан 4-ші, ал Рамис Дінмұхаметов жарыс кестесінде 5-ші болды. 

Аталған Гран-при жарысы 7 қыркүйекке дейін жалғасады.